Perseverance

Perseverance (ағылшыннан «табандылық» дегенді білдіреді) — «Марс-2020» миссиясы бойынша Марсқа ұшырылған ровер, көлемі 3 × 2,7 × 2,2 метр. Аппарат Ingenuity тікұшақ дронымен жабдықталған.

Perseverance
PIA23764-MarsPerseveranceRover-ArtistConcept-20200305.jpg
Ұйымы НАСА
Басты мердігерлері Jet Propulsion Laboratory
Тапсырысы Зерттеуші ровер
Ұшыру күн-айы 2020 ж. 30 шілде
Сөре көлігі Atlas V-541 зымыраны
Тапсырыс ұзақтығы 2021 ж. 18 ақпаннан бастап
Массасы 1025 kg
Қуаты 110 W

2020 жылдың 30 шілдесінде Канаверал мүйісінен ұшырылған ровер 2021 жылдың 18 ақпанында Қызыл планетаның Езеро кратеріне сәтті қонды.[1]

ҚұрылысыӨңдеу

 
Perseverance, 17.12.2019

Бұл ровер Марсқа 2011 жылы ұшырылған Curiosity роверінің технологиясы негізінде жасалған.[2] Инженерлер ровердің алюминий дөңгелектерін мықтырақ қылу үшін олардың енін қысқартып, диаметрін 50 сантиметрден 52,5 сантиметрге дейін үлкейтті; ішіндегі құрылғылар санының өскенімен қатар бұл ровердің массасын 17%-ға арттырды.[3][4] Роверде ұзындығы 2,1 метрге жететін роботтандырылған қол бар, ол Марс топырағының үлгілерін алуға арналған[5]

Аппаратты қуаттайтын термоэлектрлік генератор плутоний диоксидының реакциялары арқасында жұмыс істейді, ол түнде де, шаңды дауыл кезінде де жарамды болады, жұмыс мерзімі 14 жылға дейін жетеді.[6] Сондай-ақ екі литий-ионды батареясы бар.

ҚұрылғыларыӨңдеу

 
Perseverance роверінде ғылыми құрылғылардың орналасуын көрсететін диаграмма
Жеті ғылыми-зерттеулік құрылғысы
  • Planetary Instrument for X-Ray Lithochemistry (PIXL) — рентгенофлюоресценттік спектрометр грунттың элементарлық талдауын жасайды
  • Radar Imager for Mars' subsurface experiment (RIMFAX) — георадар жер қыртыстары құрылысын 10 метрге дейін тереңдікке зерттейді, жерасты суларының бар-жоғын анықтайды
  • Mars Environmental Dynamics Analyzer (MEDA) — температураны, жел бағыты мен жылдамдығын, атмосфералық қысымды, ылғалдылықты, радиацияны, атмосфераның ластану мөлшерін өлшейді
  • Mars Oxygen ISRU Experiment (MOXIE) — Марс атмосферасындағы көмірқышқыл газынан біршама оттегіні шығарып алу тәжірибесі
  • SuperCam — топырақтың химиялық пен минералогиялық талдауын жасайды, органикалық қосылыстарды табуға да арналған
  • Mastcam-Z — екі камерадан тұратын панорамалық пен стереоскопиялық бейнелеуге арналған құрылғы
  • Scanning Habitable Environments with Raman and Luminescence for Organics and Chemicals (SHERLOC) — ультракүлгін спектрометр, органикалық қосылыстарды анықтайды
Марстық тікұшақ

Естелік метал табақшаларыӨңдеу

 
'Send Your Name' табақшасы
Send Your Name to Mars

НАСА "Send Your Name to Mars" кампаниясы аясында 11 миллионға жуық еріктінің есімдерін жинақтап, оны үш микрочипке жаздырып, арнайы алюминий табақшаға бекіткен. Табақшада лазермен Жер, Марс, Күн суреттері салынған. Ол роверге 26 наурызда бекітіліп орнатылған.[9]

Дәрігерлерді құптайтын метал табақша

Perseverance аппаратын ұшыру жоспарына COVID-19 пандемиясы едәуір әсер етті. Бұған орай, денсаулық сақтау қызметкерлерін құптау мақсатымен роверге арнайы метал табақшасы орнатылды, онда медицина нышаны — Асклепий асатаяғына айнала өрмелеп шыққан жылан бейнесі салынған, мөлшерлері — 8 де 13 сантиметр.[10]

ГалереяӨңдеу

 
Ровердің алғашқы тесттік жүруі

СілтемелерӨңдеу

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Perseverance rover

Тағы қараңызӨңдеу

ДереккөздерӨңдеу